ТӘНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы “ЖТД-2” кафедра оқытушысы Отумбаева Еңлік Тойлыбековна және ІЖТДҚ 07-23топ интерн-дәрігерлері “Салауатты өмір салты” жобасы аясында №49 жалпы орта мектептің 8 сынып оқушыларына “Лудомания және темекінің адам ағзасына зияны” тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында лудомания дегеніміз не, оның зияны мен одан сақтану жолдары туралы көптеген мәліметтер айтылды. Игромания мен лудоманияның адам өміріне қауіпті тәуелділіктер, олардан сақтанбаса, өмірге қауіп тудыру мүмкіндіктері және электронды темекінің адам ағзасына зияны түсіндірілді. Оқушылармен кері байланыс орнатылып, сұрақ-жауап ойыны жүргізілді.
Жоба барысында интерндер топтық жұмыс жасауды, оқушылармен байланыс орнатуды, олардың қызығушылығы мен сенімін алуды, шешім қабылдауды, ұқыптылық және аудиториямен жұмыс жасауды меңгерді.

17.04.2025, 13:13
60 қаралым