Тәжікстандағы қазақстандық медицина күндері
Тәжікстанда қазақстандық медицина күндері өтті. Іс-шараның мақсаты ынтымақтастықты нығайту және дамыту, екі ел арасында денсаулық сақтау ұйымдары мен оқу орындары арасында тәжірибе алмасуды арттыру.
Бұл күндері Душанбе қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Абишев О. А. бастаған қазақстандық делегация жұмыс жасауда. Іс-шараға Қазақстандағы 30-дан астам жетекші медициналық және фармацевтикалық ұйымдар, медициналық университеттер мен колледждер қатысады.
Іс-шараның бірінші күнінде форум және қазақстандық медицина жетістіктерінің көрмесі өтті. Көрмеге біздің академиядан білім беру бағдарламалары, жетістіктері мен болашақтағы жоспарлар туралы ақпараттар ұсынылды.
Форумға қатысушылар кардиология, онкология және нейрохирургия саласындағы инновацияларды, репродуктивті хирургияның жетістіктерін, Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтауды цифрландыру және басқа да өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.
Бүгін, 20 желтоқсан 2019 жыл, Душанбе қаласындағы жетекші медициналық ұйымдардың базасында мастер-кластар, пациенттерді қабылдау және кеңес беру іс-шаралары өтілуде.
