Тәуелсіздікке 25 жыл

Фармацевтік өндірістік технологиясы кафедрасында  2016 жылдың қараша айының 7-ші жұлдызында 5В074800-«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 401, 402 және 403ТФПР тәлімгерлік топтары арасында Тәуелсіздігімізге 25 жыл толуына орай академияның орталық фойесінде тәлімгерлік  сағат өткізілді. Топ тәлімгерлері-Торланова Б.О., Бақытжанова А.Б., Турабаева А.С.

852 1

Тәлімгерлік сағатты өткізудің басты мақсаты -жастарды патриоттық тәрбиеге баулу, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.  

852 2

Аталған іс-шара Б.Тұрлыхановтың «Елім менің»  әнімен басталып, ары қарай  Тәуелсіздікке арналған мәнерлі өлеңдер оқылып, Қазақстан тарихы жөнінде сұрақтар қойылумен жалғасты.  Сұрақ-жауапқа қатысқан барлық студенттерге сый-сияпат берілді. Тәрбие сағатына аталған топ студенттерінен басқа, фойеде үзіліс кезінде демалып отырған өзге де курс, мамандық студенттері қатысты.  25 жыл Тәуелсіздік аралығында Қазақстанның маңызды жетістіктері, атақты мемлекеттік қызметкерлер туралы зор білімдерін көрсетті.

852 3

Тәлімгерлік сағат соңында 4-курс тәлімгерлік топтары студенттерінің аспан тустес көк матаға «Тәуелсіздікке 25 жыл»  деп жазылған тартуы, әуе шарларымен көкке көтерілді.

852 4

852 5

07.11.2016, 23:45
323 қаралым