Сыртқы академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру

Жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум негізінде Ташкент фармацевтика институты (ТашФармИ) шақыртуымен осы жылы қазан айының 8-9 жұлдызында проф. С.К. Ордабаева фармацевтикалық химия кафедрасы базасында болып қайтты.    

1245 1

Шақырту бағдарламасы фармацевтикалық химия кафедрасы ұжымымен, оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және 80-жылдық тарихы бар ТашФармИ-мен толық таныстырумен басталды. Студенттер мен профессор-оқытушылар құрамына ароматты және гетероциклді қатарының дәрілік препараттарын талдау, дәрілік заттар сапасын бақылау және стандарттау мәселелері, олардың Қазақстан Республикасындағы ерекшеліктері туралы семинар-тренинг, дәріс сабақтары өткізілді. 

1245 2

ТашФармИ ректоры, проф. И.И. Алимджановпен кездесу барысында ынтымақтастықты ары қарай жалғастыру, оқу семестрі, өндірістік тәжірибе уақытында студенттермен алмасу,  бірлескен ғылыми жобаларға, ғылыми-практикалық симпозиумдарға қатысу, екі және басқа да ЖОО алдыңғы қатарлы ғалымдарын шақырту мәселелері талқыланды. 

1245 3

Проф. С.К. Ордабаева ТашФармИ басшылығынан, фармацевтикалық химия кафедрасы ұжымы мен студенттерінен жүргізілген жұмыстары үшін жоғары бағаланып, алғыс алды.   

1245 4

16.10.2018, 02:16
358 қаралым