Шымкентте клиникалық психология бойынша біліктілікті арттыру курсы басталды
Бүгін Шымкент қаласында алғаш рет Клиникалық психология пәні бойынша біліктілікті арттыру курсы басталды.
Бұл курс Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Құзырет орталығы және Қосымша кәсіби білім беру бөлімімен Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының және Шымкент қаласындағы Психикалық денсаулық орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.
Пән оқытушысы: Лаура Айтжановна Садыкова – дәрігер, психиатр, психотерапевт, ОҚМА-ның доцент м.а., Қазақстанның Когнитивті-мінез-құлықтық терапия Ассоциациясының және Психикалық денсаулық саласындағы мамандар Ассоциациясының мүшесі.
Курс тыңдаушылары – психология мамандары, денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін дәрігерлер, психопатология саласындағы білімдерін тереңдеткісі келетіндер.
02.04.2025,
15:12
