Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының қызметкерлерін «16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен» құттықтады
2024 жылдың 27 желтоқсан күні ОҚМА кіші залында Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков атынан академия қызметкерлерін «16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен» құттықтап, алғыс хатпен марапаттау рәсімі өтті. Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына және өркендеуіне қосқан сүбелі үлесі мен адал еңбегі үшін алғыс білдіріп, ОҚМА қызметкерлеріне зор денсаулық, қызметтеріне толағай табыстар, отбасыларына амандық тілеп алғыс хатпен марапаттады.
Сонымен қатар ОҚМА ректоры Ж.Сейтжанова студенттік ректорды және студенттік кеңес мүшелерін ОҚМА төсбелгісімен марапаттады
27.12.2024,
13:55
334 қаралым