Шымкент қаласы әкімінің орынбасарымен кездесу
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары С.Құранбек қаладағы жоғары оқу орындарының басшыларымен кездесу өткізді. Кездесуге қаладағы 8 оқу орындарының басышылары қатысты.
Кездесуде мемлекет басшысының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында тапсырған негізгі міндеттерін іске асыру мен басқа да маңызды бастамаларына тоқталып, аталған бағыттағы жүргізілетін жұмыстарға ерекше назар аударды.
Сонымен қатар, қалада мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, жастар арасында жаңа құндылықтарды қалыптастыру, жаман әдеттер мен жағымсыз қылықтардан, қауіпті кеселден сақтау үшін белсенді жұмыс жүргізуге шақырды.
02.04.2024,
15:41
297 қаралым