«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім: Қазақстандағы халықаралық тәжірибе және даму перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
2024ж. 25 сәуірінде Алматы қаласы «NARXOZ» университетінің алаңында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім: Қазақстандағы халықаралық тәжірибе және даму перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шымкент қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәжіліс залында Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындарының өкілдері, соның ішінде ОҚМА проректоры Есіркепов М.М., комплайенс –офицер Пернебаев Н.А. және «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының доценттері Нұржанбаева Ж.О. мен Айдарбекова Г.С. онлайн форматта қатысты.
Конференцияда Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы, Қазақстандағы АҚШ Мемлекеттік департаментінің Бюро бөлімінің, USAID «Баршаға арналған Сот төрелігі» білім беру жобасының, Гонконгтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі тәуелсіз комиссиясының, Сербия университеттерінің және т.б. шетелдік сарапшылары сөз сөйледі.
Сондай-ақ, іс-шараға қазақстандық жоғары оқу орындарының, оның ішінде ІІМ, ТЖМ, Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған оқу орындарының, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының ректорлары, проректорлары мен оқытушылары қатысты.
Мақсаты - білім беру және ағарту арқылы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың ұлттық және халықаралық тәжірибесін, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының GRACE халықаралық бастамасын іске асыру мәселелерін талқылау.
Кездесу барысында қазақстандық жемқорлыққа қарсы білім беру тәжірибесі ұсынылды, GRACE материалдары негізінде «NARXOZ» университеті әзірлеген ЖОО-лар үшін жемқорлыққа қарсы типтік оқу бағдарламасының жаңа жобасы таныстырылды. Бұл бастаманы енгізу 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасында көзделген.
Сондай-ақ шетелдік сарапшыларға «AntiParaCraft» квест-ойыны, жемқорлыққа қарсы онлайн-оқыту платформасы, «Адалдық әліппесі», «парасаттылық сағаты», «жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» дидактикалық ойындар жинағы, жазғы жемқорлыққа қарсы мектептер, олимпиада, Академиялық адалдық лигасы және т.б. сияқты қолданыстағы жобалар таныстырылды.
Конференция аясында Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және медиа-материалдарының, оның ішінде суреттер, комикстер, үстел ойындары, әдістемелік материалдар, оқулықтар, буклеттер, бейнероликтер және т. б. көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар жемқорлыққа қарсы оқытуды дамыту және халықаралық тәжірибені имплементациялау бойынша ынтымақтастықты нығайту және кеңейту мәселелерін талқылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім: Қазақстандағы халықаралық тәжірибе және даму перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында кафедрада 1 курс «Медицина» факультетінің білім алушыларының қатысуымен «Саналы ұрпақ жемқорлыққа қарсы» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.