«Студенттік ғылым: жастар көзқарасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
27 наурыз күні Шымкент университеті «Студенттік ғылым: жастар көзқарасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференцияның басты мақсаты - студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау, ғылыми ой-пікір алмасу және жастардың ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру. ОҚМА, «Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» кафедрасының соц.ғ.к., проф. м.а. Ертаев Мухаметкарим Абдукаримовичтің жетекшілігімен «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының білім алушылары конференцияға қатысты.
Конференция жоғары деңгейде өтті. Студенттер мен жас ғалымдар өздерінің ғылыми зерттеулерін ұсыну мүмкіндігіне ие болды. Бұл шараның нәтижесінде ғылымға деген қызығушылық артып, жастардың ғылыми ой-пікірін одан әрі дамыту үшін жақсы алаң жасалды.
«Студенттік ғылым: жастар көзқарасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқаны үшін ФӨТҚА-01-23 тобының 2 курс студенті Ержан Ғазиза Ертайқызына, ФӨТҚА-04-23 тобының 2 курс студенті Абдысадық Ақбота Асқарқызына, ФӨТҚБ-02-23 тобының 2 курс студенті Абдималикова Ақбаян Ануарбекқызына сертификаттар берілді. Сонымен қатар, Абдысадық Ақбота Асқарқызы III дәрежелі дипломмен марапатталды. Абдималикова Ақбаян Ануарбекқызы II дәрежелі дипломмен марапатталды.
