Студенттердің V халықаралық кәсіби шеберлік байқауы. “MEDICA MENTE 2021”
Псков облысының "Великолук медициналық колледжі" мемлекеттік бюджеттік кәсіптік білім беру мекемесі "MEDICA MENTE 2021" V Халықаралық кәсіби шеберлік студенттік байқауын "Емдеу ісі" мамандығы бойынша 4 курс студенттеріне онлайн режимінде өткізді, оған Ресей Федерациясы, Латвия Республикасы, Беларусь Республикасы және Қазақстан Республикасының студенттері қатысты.
Конкурс 2 кезеңде өткізілді: 1-кезең онлайн-тестілеу сұрақтар.
2-кезең: Алгоритм бойынша жүрек-өкпе ренимациясы.
Біздің академиядан "Емдеу ісі"мамандығы бойынша 4 курс медициналық колледжінің студенттері қатысты. Байқау соңында барлық қатысушылар сертификатпен марапатталды. Сондай-ақ, ОҚМА жанындағы медицина колледжінің директоры Күшқарова Алтыншаш Мұхаметқалиқызы марапатталды.
Студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз және оларға табыс тілейміз.
