Студенттер арасындағы спорттық турнир

1269 1

2018 жылдың 23 қарашасында ОҚМА спорт залында ӘМжЖСБ мен Дене шынықтыру кафедрасының қолдауымен, «Барыс» спорт клубының төрағасы Ж.Келсіннің ұйымдастыруымен студенттер арасындаҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,м.ғ.д., профессор Ағабек Қарабековті еске алуға арналған турнир өтті.Турнирді Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Сәлім ашты.

1269 2

Турнирдің мақсаты:

- студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен дене тәрбиесін насихаттау;

- студенттерді күнделікті дене шынықтырумен айналысуға үгіттеу;

- қазіргі заман талабына сай салауатты өмір салтын насихаттау;

1269 3

Сайысқа академия студенттерінен құралған 10 команда қатысты. Олар: «Колледж», «Фармация», «Медфак», «Альянс», «Шабыт», «KazMSA», «Бірлесу», «Зиялы қазақ», «Жатақхана», «Стоматология». 

1269 4

Турнир «Шағын футбол», «Арқан тарту», «Кір тасын көтеру», «Қол күрес» спорт түрлерінен өтті.

1269 5

Сайыс қорытындысы бойынша Шағын футболдан бірінші орынды «Альянс» командасы, Арқан тартудан «Медфак» командасы, Кір тасын көтеруден «Бірлесу» командасы, Қол күрестен «Бірлесу» командасы иеленді.

1269 6

Жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

27.11.2018, 01:23
227 қаралым