Студентке орталықтандырылған оқыту
Қазан айының 5 жұлдызында Астана қаласында фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының доценті А.Д. Асильбекова «Студентке орталықтандырылған оқыту, білім беру және бағалау: қағидалары және технологиялары» тақырыбында халықаралық семинарда оқу өтті. Семинарда студентке орталықтандырылған оқытудың (СОО) қағидалары мен түсініктің негізгі мәліметтері, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына білім үрдісіне СОО-ды енгізу ерекшеліктері, аккредитацияда студентке орталықтандырылғанның бағалауын енгізу мәселелері тыңдалды.
Семинарға келесі халықаралық сарапшылар қатысты: білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша еуропалық форумдардың ұйымдастыру комитеттің мүшесі (Франция), Лион Университетінің экс-ректоры, профессор Эрик Фромент, білім саласындағы еуропалық сарапшы (Алмания) - Лукас Бишоф, Назарбаев Университетінің қауымдастырылған профессорлары мен Алматы менеджмент университетінің өкілдері. Қатысушылар белсенді түрде студентке орталықтандырылған оқытуды енгізуде сабақ өту жеке тәжірибесімен алмасты, білім беру үрдісіндегі дәстүрлі мен студентке орталықтандырылған оқытудың салыстырмалы сипаттамасын жасады.
Сонымен бірге, тәжірибелік сабақты жүргізу барысында интерактивті дискуссиялар мен дебаттар өткізілді. Мұнда студенттің кәсіби тұрғыда өсуіне ықпал ететін әдістер мен тәсілдер және студенттің қоршаған ортада үнемі өзгеріп отыратын заманауи жағдайларға бейімделуі талқыланды.