«Спорт-денсаулық кепілі»

ОҚМА жанындағы медицина колледжінің ЖББП кафедрасы дене шынықтыру пәнінің 2-ші күнін «Салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дамыту» мақсатында 1,2 курс мамандық аралық білім алушылары арасында теңбіл доп футбол жарыс өткізді.
Спорттық жарыста «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі», «Стоматолог-дантист», «Стоматолог-ортопед» мамандықтарының білім алушыларынан құралған командалар арасында үлкен сайыс ұйымдастырылды.
Спорттық жарыстың ашылуына кафедра меңгерушісі Сатаев Амангелді Тойболұлы қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Тартысты өткен жарыста 6 команда қатысты.
Жеңімпаздар грамота, кубок медалдармен марапатталды.


Футбол орын иегерлері;
1-орын иегерлері құрама «Виктория» командасы «Стоматология» мамандығы
2-орын иегері «Орда» командасы «Емдеу ісі» мамандығы
3-орын иегері 2-курс «Зымыран» командасы «Емдеу ісі» мамандығы

13.11.2024, 11:47
91 қаралым