СПАРТАКИАДА-2025
ОҚМА-сы оқытушылары арасындағы спартакиада денсаулықты және ұжымды нығайтуға ықпал ететін жарқын спорттық шара болып табылады.
Осы орайда, 2025 жылдың 15-16 қаңтарында спорттың 4 түрінен ОҚМА АҚ қызметкерлері арасындағы дәстүрлі XXXIX Спартакиадасы өткізілді.
Спартакиаданың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, оқытушыларды спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, командалық рухты, мақсатқа ұмтылушылықты, ерік-жігерді, табандылықты және жеңіске ұмтылысты тәрбиелеу болып табылады.
Аталмыш спартакиадаға «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы мен «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедраларының оқытушылары қатысып, арқан тартудан 2-ші орынға ие болып марапатталды.
Құттықтаймыз!!!
16.01.2025,
15:44
67 қаралым