Шымкентте өткен денсаулық фестивалі
Акция 2017 жылдың 9 қыркүйек күні сағат 10.00-де мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің медициналық мекемелердің мамандары мен студенттердің қатысуымен Желтоқсан көшесі мен Қонаев бульвары көшелерінің қиылысында болған жүру марафонынан басталды. «Денім сау – салауатты елім» ұранымен өткен флешмобта ОҚМФА- ның 100-ден астам студенттері қатысқан.
Фестиваль аясында қала тұрғындары мамандардың консультациясын алып, тегін тексерілді, экспресс-талдаулар кейбір түрлері тапсыруға мүмкіндік берілді. Акция барысында сондай-ақ, түрлі мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылған.
Биыл денсаулық фестивалі елде салауатты өмір салтын қалыптастыру Қызметінің 20 жылдығына ұштастырылды.
11.09.2017,
22:07
418 қаралым