«Шымкент жастар лигасы» жобасының жеңімпаздары

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында бұқаралық спортқа баулу мақсатында қала аумағындағы білім беру мекемелерінің фан-клуб мүшелері арасында ұйымдастырылған сайысқа қатысып, академиямыздың жалынды фан клуб мүшелері бас жүлде және 1 орынды ұтып алды.

"Шымкент жастар лигасы" жобасы жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуге, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік-жігері мен табандылығын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына команда жастақтау мақсатында ұйымдастырылды. Бас жүлде иегерлеріне 15 велосипед және 1 орынға 15 смартфон берілді.

Сайысқа қатысып белсенділік танытып, шеберлігімен ерекшеленген фан клуб мүшелері арасынан бас жүлдені алған студенттерімізді мақтан тұтамыз.

18.11.2021, 19:52
850 қаралым