Шымкент қаласы медициналық ұйымдарының комплеанс офицерлері оқытылды

2021 жылдың 4 қарашасында ОҚМА мен Шымкент қалалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бірлесіп республика өңірлерінде сыбайлас жемқорлық бағытында құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу мәселелері бойынша Шымкент қаласының комплеанс офицерлерінің қатысуымен жиналыс өткізілді.

Аталған жиынға ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының аға оқытушы А.А.Ахметова, ОҚМА комплеанс офицері Н.Пернебаев және Жастар саясаты бөлімінің маманы Б.Тасжанов, Шымкент қаласы оқу орындарының комплеанс офицерлері қатысты. Модератор Шымкент қалалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қамбар Ж іс-шараны жүргізді.

Жиналыста ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының аға оқытушы А.А.Ахметова сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарымен күрес жайлы дәріс оқыды. Жиналыс соңында А.Ахметова оқу орындарындағы жұмыстарына қатысты өзінің ұсыныстарымен бөлісті.

05.11.2021, 00:40
520 қаралым