«Шымкент – менің қалам» атты жайдарман ойыны

2021 жылдың 22-24 қазан күні қаламызда Шымкент қаласы ішкі саясат жіне жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің «Шымкент Жайдарман» филиалының ұйымдастыруымен «Шымкент – менің қалам» атты Жайдарман ойындарының ¼ ширек финалы өтті. ОҚМА атынан Республикалық премьер лига жайдарман ойындарында оқу орнымыздың намысын қорғап жүрген Мега жайдарман тобы жүлделі III-ші орын иеленіп, ½ жартылай финалға жолдама алды.

Алдаға уақытта «Мега» Жайдарман тобы академия намысын басшылықтың қолдауымен Республикалық командалар дәрежесінде қорғап, финалда ойнайтын болады. Бұл топтың бағындырар белесі алда деп сенеміз!

25.10.2021, 18:56
377 қаралым