Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған «Шер аға» атты кітап көрмесі

2023 жылдың 17 ақпанында ОҚМА Кітапханалық ақпараттық орталығы және Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай «Шер аға» атты кітап көрмесі өткізілді. Алғашқы сөз кезегін әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Қ Сәлім алды. Қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның халық жазушысы, ірі тұлғамызға арналған «Шер аға» атты көрмеде ақын өмірі жайында баяндамалар тыңдалды.

Журналистика және жазушылық Мұртазаның бұл өмірдегі екі қанаты болды. Қазақ жұрты қаймана халықтың қамы үшін еңбек еткен Шерхан Мұртазаны адалдығы мен әділеттілігі үшін шебер жазушыны сүйіспеншілікпен «Шераға» деп атады.
Бүкіл ғұмырын ұлттық мәдениет пен әдебиеттің дамуына арнап, кейінгі ұрпаққа рухани бай мұрасын қалдырған қаламгер, Тарихта халықтың Шерағасы деген есіммен қалған.

17.02.2023, 16:27
364 қаралым