«Шабыт үздіктері» кастинг-байқауы өтті
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Шабыт» ұйымының ұйымдастыруымен «Шабыт үздіктері» кастинг-байқауы өтіп, үздіктер анықталды.
«Шабыт үздіктері» кастинг-байқауы мақсаты: ұлттық өнерді дәріптеу, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану болып табылады. Әр бағыттың үздіктері анықталып арнайы алғыс хатпен марапатталды.
Аталмыш кастинг-байқауға барлығы 20-ға жуық өнерпаз жастар қатысты.
Кастинг-байқау барлық санитарлық - эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілді.
11.11.2020,
11:33
