SCIENCE BATTLE зияткерлік сайысының жүлдегерлері

18.04.25ж. күні «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушылары мен 2 курс «Медицина» БББ білім алушыларынан құралған «Veritas Medica» командасы ОҚМА-да Ғылым күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылған «SCIENCE BATTLE» интелектуалды сайысына қатысты. Мақсаты: Білім алушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамыту, заманауи ғылым жетістіктерін насихаттау және болашақта ғылыми зерттеулерге атсалысуға түрткі болу болып табылады. «Veritas Medica» командасының құрамында кафедраның аға оқытушылары: Махатова Л.Т., Мырзазия А.Ә., сондай-ақ 2 курс «Медицина» БББ білім алушылары болды.

SCIENCE BATTLE зияткерлік сайысы – жастардың ғылыми танымын кеңейтуге, сыни және логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған интеллектуалды жарыс. Бұл сайыс қатысушылардың әртүрлі ғылым салаларындағы білімін тексеріп қана қоймай, оларды ғылымға шығармашылық тұрғыдан қарауға, топпен жұмыс жасауға және өз идеяларын дәлелдей білуге баулиды.

Нәтижесінде «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының «Veritas Medica» командасы зияткерлік сайыста 3 орынды иеленіп, Дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!!!

18.04.2025, 15:40
79 қаралым