"Science Battle" ғылыми жарысы
18.04.2025 ж. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында ғылым апталығы аясында ұйымдастырылған "Science Battle" атты конкурсқа "Медициналық биофизика және АТ" кафедрасының атынан ВМ-МОА-10-23 тобынан Алимов А.Ш., ВМ-МОБ-11-23 тобынан Багажов Ю.Р., Маханбетов С.М., Ташпулатов Ш.Х., ВМ-МОА-11-23 тобынан Аккошов Р. және ВМ-МО-12-23 тобынан Абдукаимов А.Н., Сопиянов С.М., Хайранов И.А. білім алушылары қатысты.
Конкурста "Stand UP", "Kahoot іріктеу кезеңі", "Своя игра", "Кемеңгер капитан" байқаулары өткізілді. Байқау нәтижесі бойынша "Медициналық биофизика және АТ" кафедрасы дайындаған "Veni Vidi Vici" командасы І орынды иеленді, ал "Үздік Stand UP" номинациясын "Сердце науки" командасы алды. Және "Үздік кемеңгер капитан" номинациясын Алимов Айбек иеленді.
"Science Battle" сайысы тартысты, қызықты, заманауи талаптарға сай өткізілді. Осы іс-шара білім алушылардың ғылымға қызығушылығын арттырып, болашақта өз ісінің маманы болып қалыптасуына көмектеседі.
