«Саяси қуғын-сүргін құрбандары» мұражайына саяхат

1064 1

Саяси қуғын-сүргін - мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі екендігі шындық. Сол бір қасіретті жылдарды есте сақтау бүгінгі және келер ұрпақтың парызы екендігі сөзсіз. Осы мақсатта  2018 жылдың 7 ақпан күні «Медициналық биофизика және ақпараттық технология» кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен «Фармацевтикалық өндірістік технология» мамандығының тәлімгерлік топтары «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» мұражайына барды.

1064 2

Мұражай мамандары студенттерге сол кездегі сұрапыл естеліктерді баяндап және құжаттардың көшірмелерімен, фото суреттермен таныстырды.

Өткізілген бұл іс-шара студенттерді отансүйгіштікке, батылдыққа, төзімділікке, адамгершілік қасиеттерін дамытуға және саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың ерлігін үлгі-өнеге етуге көп үлесін қосады деген сенімдеміз.

13.02.2018, 06:36
271 қаралым