Сау тіс – денсаулық кепілі
Адамның ажары тіс. Тіс мықты, аппақ, түзу болу үшін ауыз қуысының күтімін бала кезден бастаған жөн. 13 ақпан күні Гигиена және эпидемиология кафедрасында доцент м.а. Бейсембаева З.И. «Стоматология» мамандығының 3 курс ВМ-СҚБ-01-22 тобының білім алушыларымен бірге «Жалпы гигиена» пәнінен «Балалардағы кариестің алдын алу» тақырыбы бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды ұштастыру мақсатында «Бал-Айбике» ұлттық сауықтыру бақшасының жоғары топ балаларына семинар-тренинг өткізді. Білім алушылар балаларға ауыз қуысының гигиенасы, тіс күтімі және тісті тазалау әдістерін көрсетті. Кездесу нәтижесінде балаларға тіс пастасы мен тіс щеткалары, тістері сау, иммунитеті жақсы болуы үшін алма таратылды.
07.03.2025,
12:19
