«Сарбазға сағыныш хат» тақырыбында өтілген мерекелік кездесу
16 сәуір 2025 жылы Қазақ,орыс және латын тілдері кафедрасының аға оқытушылар А.С.Жакипова, Д.Ж.Кемелханның ұйымдастыруымен 9 мамыр «Ұлы Отан соғысының 80 жылдығын мерекелеу» іс шарасының негізінде ВМ-СТОАБ- 06, ВМ-СТОБ- 05 топ білім алушылары, Сәуле мөлтекауданында орналасқан 35748 әскери бөлімшесіндегі әскери бөлімде өз міндетін атқарушы сарбаздармен бірлесе отырып «Сарбазға сағыныш хат» тақырыбында мерекелік кездесу өткізді.
Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының аға оқытушысы, тәрбие ісіне жауапты Жакипова Азиза Сейтжапбарқызы алғы сөз алып, әсердегі тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды,тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болатын ұлттық әскеріміздің сарбаздарын мерекелерімен құттықтады. Стоматология мамандығының 1 курс білім алушылар өздері жазған сағынышқа толы, ізгі тілектері мен сәлем хаттарын кезек- кезек оқып берді. Көркемсөз оқу шеберінің майталманы
медицина мамандығының студенті Құралай Нұрбекқызы «Сарбаздар» өлеңін оқып , стоматология мамандығының 1 курс студенті Дәулетұлы Ержан «Балбырауын» күйін орындады. Аскеров Тахир мен Ахмедов Кемаль «Лезгинка» кавказ биін билеп сарбаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Кездесу соңында 35/748 әскери бөлімінің командирі,тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подпольковник Айдынғалиев Қуаныш Сейсенғалиевич алғысын білдіріп, қорытынды сөз сөйледі.
