«Сарбаз болғым келеді» акциясы

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен 11.02.25ж. қалалық Төтенше жағдайлар департаментінде
«Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына» орай «Сарбаз болғым келеді» акциясы аясында жастарға экскурсия ұйымдастырылды.
Маңызды іс шараға «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы М.М.Маликов пен «Педиатрия» БББ-ң 2 курс білім алушылары қатысты.
Мақсаты- жастардың бойында отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери-патриоттық рух қалыптастыру, азаматтарымыздың отан алдындағы борышын өтеуге шақыру, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
Іс шара барысында білім алушылар өрт сөндірушілердің бір күндік өмірімен танысты. Қалалық өрт сөндіру бекетінің мамандары студенттерге өз жұмыстары туралы тренинг өткізіп, төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігін айтты. Өрттен зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету жағын түсіндірді. Студенттер өрт сөндірушілердің киімін киіп, көліктеріне отырып, бір сәт өздерін құтқарушы сезінді.
Аталған экскурсия жастардың бойында патриоттық сезімді ұялатып, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталды.

12.02.2025, 09:37
165 қаралым