Салауатты өмір салты
2024 жылдың 25 желтоқсан күні «Отбасылық медицина» кафедрасының ассистенті педиатр, жоғары санатты ЖПД Тажиева А.Д. жетекшілігімен және ІЖТДО-29-24 топ интерн-дәрігерлерінің ұйымдастыруларымен Шымкент қаласының білім басқармасының №75 мектеп-гимназиясында 8-ші және 9- ші сынып оқушыларына «Маскүнемдік және нашақорлық зиняы» , «АИВ/ЖИТС» , «Ерте жүктіліктің алдын алу» , «Салауатты өмір салты»тақырыптарында семинар сабақ өткізілді.
Семинардың мақсаты: темекі, алкоголь және есірткі заттарын тұтынудың алдын алу арқылы жасөспірімдер арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу. Іс-шара жаман әдеттердің тәуекелдері туралы хабардарлықты арттыруға, өз болашағы үшін жауапкершілікті дамытуға және тұлғаның үйлесімді дамуына ықпал ететін құндылықтарды нығайтуға бағытталған.