Салауатты өмір салты
Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясы , «Жалпы тәжірибелік дәрігер -2» кафедрасының атынан кафедра меңгерушісі Гүлжан Нұрбекқызы Досыбаева және кафедрамыздың білікті маманы Мая Әділбекқызы Таскынова ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салты»- атты үлкен жобаның алғашқы іс шарасы «Ардагерлер үйінде» 31.01.2024, «Қарттар үйінде» 20.02.2024ж күні жоғарғы деңгейде өткізілді..
Жоба мақсатында «Салауатты өмір салтын» ұсыну арқылы-халықтың денсаулық жағдайын жақсарту.Қайырымдылық шараларға ат салысу мақсатында денсаулық жағдайын бағалау,профилактикалық іс шаралар жүргізу, әр түрлі топтағы адамдардың денсаулық критерилерін анықтау,ашық сауалнама шаралары жүргізілді.Денсаулыққа байланысты профилактикалық іс-шарадан басқа,қарттардың көңілін аулау мақсатында концерттік бағдарламалар қойылып,қарт кісілердің ерекше ықыласына бөленіп,батасын алып,ерікті дәрігер-интерндер өз тараптарына санасын дамыту,әрі жылы жүректі азамат болудың маңыздылығын шыңдай түсті.
Еріктілер қатарында Crown med ұжымы-I-ЖТДҚ-04-23 тобының дәрігер-интерндері :
Абдразахова Маржан Есболқызы,Бахтыбай Улдана Мұратқызы,Жасұзақ Ғани Нұрлыбекұлы,Жумабаев Тажаддин Даулетбайұлы,Қожамберді Айдана Бекбергенқызы, Турлыбаев Мақсат Азимбекович.
I-ЖТДҚ-15-23 тобының дәрігер-интерндері:
Қуаныш Жасұлан Фархатұлы,Келсін Жанәсіл Жарқынбекұлы,Сағынтай Ақбота Жеңісқызы,Өмірзақ Берікжан Еркінбекұлы.
100 ден аса қарттарымызға профилактикалық іс –шаралар жүргізіп, үлкендердің батасын алды, «Ардагерлер үйі» әкімшілігі және «Қарттар үйі» тарапынан алғыс хаттарымен марапатталды.