"ШАГ НА ВСТРЕЧУ" күзгі инклюзивті фестивалі өтті
28 қараша күні "ARMAN ALEMİ" кедергісіз қозғалыс қауымдастығының ұйымдастыруымен шығармашылықтың нағыз мерекесі "ШАГ НА ВСТРЕЧУ" күзгі инклюзивті фестивалі өтті. Біздің академия студенттері ерікті болып, осы іс-шараға өз үлестерін қосты. Бұл ғажайып фестиваль балаларға және қонақтарына қуаныш, шабыт және жарқын әсер сыйлады.Сурет салу, музыка, би және қолөнер бойынша қызықты шеберлік сабақтары балаларға керемет көңіл-күй сыйлады.
Барлық қонақтар үшін ерекше тағамдар: хош иісті ыстық палау, жұмсақ бауырсақ және сусындар ұсынылды.Сондай-ақ шеберлік сабақтарына қатысқан балаларға сертификаттар табысталса, ал Асыл Арман компаниясының атынан 300 ден астам балаларға компания өнімдері сыйлыққа берілді.Аталған іс-шара жоғары деңгейде өтіп, әрбір балаға ұмытылмас әсерлер мен таңғажайып эмоциялар сыйлады.