«Сүт безі ісігінің алдын алу» акциясы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен, ОҚО Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қолдауымен 2017 жылдың 30 қазан күні Шымкент қаласы Әл-Фараби сауда үйінде «Кел, қорықпа, тексеріл!» ұранымен акция өткізілді. Аталмыш акцияның мақсаты – «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын жүзеге асыру және Сүт безі ісігінің алдын алу мен халықты ақпараттандыру болып табылады.
Акция барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау жүйесі және халықаралық деңгейдегі денсаулық сақтау жүйесін дамыту саласында жұмыс жасайтын ҚазМСА студенттік ұйымының мүшелері флешмоб билеп, қарапайым халыққа ақпараттық материалдар таратты. Облыстық онкологиялық диспансерінің онколог-дәрігерлері келушілерге тегін ақпарат беріп, алғашқы белгілері туралы анықтама айтылды. Іс-шара соңында арнайы дайындаған қойылымдар көрсетіліп, ойындар ойнатылды және Сүт безі ісігінің алдын алу акциясының символы көк аспанда шарлар арқылы бейнеленді.