"Рухани жаңғыру" бағдарламасына 3 жыл!
2020 жылдың 12 сәуір – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына 3 жыл! Осы үш жылдың ішінде Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шеңберінде қаншама іс-шаралар жүзеге асырылды. Оның айғағы ретінде соңғы жылдары атқарылған іс-шаралардың негізгілеріне тоқталып өтейік. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының медициналық бағыттағы білім ордасы болуына қарамастан, ғұлама ғалымдар әл-Фараби, Ибн Сина, Өтеубойдақ Тілеуқабылұлы, Ұлы Абай дәрісханалары ашылды. Сонымен қатар төмендегідей негізгі іс-шаралар атқарылды:
1.«Мен – донормын, өзгеге үміт сыйлаймын!» акциясы аясында ерікті студенттер қалалық Қан орталығына барып қан тапсырды.
2.«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Дархан халықтың дана Абайы» тақырыбында әдеби кеш өткізілді.
3.«1-желтоқсан ҚР Тұңғыш президенті күніне» орай, академияның ұйымдастыруымен «Менің Туым, менің Отаным!» атты патриоттық акциясы өтті.
4. «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұлы ақын А.Құнанбайұлының шығармаларын және ақиық ақын М.Мақатаевтың өлеңдерін оқу бойынша көркемсөз байқауы өткізілді.
