Құрметті әріптестер, түлектер, достар!
Біз сіздерді «Оңтүстік Қазақстан медицина академияс» АҚ-ның магистратурасына келесі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға шақырамыз:
1. М140 - «Қоғамдық денсаулық сақтау» (ғылыми-педагогикалық, бейінді бағыт)
2. М141 - «Мейіргер ісі» (ғылыми-педагогикалық, бейінді бағыт)
3. М142 - «Фармация» (ғылыми-педагогикалық, бейінді бағыт)
4. М144 - «Медицина» (ғылыми-педагогикалық, бейінді бағыт)
5. М145 - «Медико-профилактикалық іс» (бейінді бағыт)
Кешенді тестілеуге (КТ) өтініш қабылдау 18 маусымда басталып, 2021 жылдың 15 шілдесіне дейін жалғасады! КТ өтуге өтінішті https://app.testcenter.kz/ сайтында беруге болады. КТ құны 8292 тг құрайды. Төлем онлайн тіркелу кезінде екі тәсілмен: Kaspi қосымшасы арқылы немесе банк картасы арқылы жүргізіледі.
КТ сұрақтарының мазмұны бойынша толық ақпарат
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураға түсу үшін КТ 3 блоктан тұрады:
• Шет тілі бойынша тест;
• Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест (аналитикалық, сыни ойлау);
• Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест
Магистратураға бейінді бағытпен түсуге арналған КТ 2 блоктан тұрады:
• Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест;
• Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша «Ғылыми-клиникалық жұмыстар, докторантура және магистратура басқармасына» хабарласуға болады.
Тел.: +7 (771) 320-24-22; +7 (771) 561-23-23; +7 (747) 131-97-97.
«ОҚМА» АҚ Шымкент қаласы, Әл-Фараби алаңы, 1/1 мекенжайы бойынша орналасқан.
