Республиканская студенческая предметная олимпиада
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында үш тілділікті меңгеру қажеттілігі туралы атап өтілген. Себебі үш тілді білу жаһандануға бастар көпір болып табылады. Осы мақсатта «Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен 12 сәуір күні «Ақпараттық технология- заман талабы» тақырыбында «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация» және «Фармацевтік өндірістік технологиясы» мамандығы студенттерінің қатысуымен үш тілде зияткерлік сайыс өткізілді. Бұл сайыстың мақсаты- студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып, ойлау қабілеттерін дамыту, бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, еңбекке тәрбиелеу. Сайысты тамашалауға деканаттан, кафедралардан арнайы қонақтар шақырылды және «Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты. Сайыс командалық сәлемдесу, үй тапсырмасынан көрініс, шығарма, викторина сияқты бөлімдерден тұрды. Сайыс барысында студенттер өздерінің білімдері мен біліктіліктерін, ой ұшқырлықтарын, шығармашылық қабілеттерін сынға салды. Сайыс тартысты әрі қызық өтті.
Сайыс соңында жеңімпаз деп танылған топтар мақтау қағаздарымен марапатталып, барлық қатысқан студенттерге арнайы сыйлықтар берілді. Мұндай іс-шараларды өткізу студенттердің ойын ұшқырлап, білімін шыңдай түсері сөзсіз. Сонымен қатар олардың бойында ұжымдық тәрбие, бір-бірі үшін қамқорлық таныту, бәсекелестікке қабілеттілік сияқты құндылықтарды шыңдай түседі.