РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
20.12.2024ж. «Семей медицина университеті» КеАҚ медицина ғылымдарының докторы, профессор Юрий Васильевич Пруглоның 85 жылдығына орай еске алу құрметіне арналған «Морфологиялық ғылымдар және медицина: дәстүрлер, инновациялар және даму» атты Республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция мақсаты: студенттердің танымдық белсенділігін, коммуникативтік дағдыларын дамыту; оқу процесіне және тәуелсіз ғылыми-зерттеу қызметіне мотивацияны арттыру; қосымша білім мен дағдыларды алу, кәсіби деңгейін көтеру және өзін-өзі дамытуды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Ұйымдастырылған конференция гибридті форматта өтті. Аталған конференцияға «ЖТД-2» кафедрасынан ІЖТДҚ 11-23 топ интерндері онлайн қатысып, Зиятбек Ұлпан «Папиллома вирусын ерекше тиімді превенциялаудың перспективалары», Дәуренқызы Аяжан «Жастардың темекі шегуді бастауына ата-ананың септігі» тақырыптарында баяндама оқыды. Ғылыми жетекшілер: м.ғ.д., профессор Досыбаева Гүлжан Нұрбекқызы, медицина магистрі Отумбаева Еңлік Тойлыбекқызы.