Республика Күні — Халықтық Мереке

24 қазан 2024 жылы ОҚМА-ның Педиатрия-1 кафедрасында " Республика Күні — Халықтық Мереке " тақырыбында тәрбиелік сағат өтті. Сабақты кафедра асситенті, Нарманов Кенже Мырзалиевич жүргізді. Сабақтың мақсаты – білім алушылардың арасында патриоттық нысанды күшейту, алыс шетелден келген білім алушыларға Республикалық мерекенің маңыздылығымен таныстыру болды.

Тәрбиелік сағатқа ВПҚА01-21, ВПҚБ01-21, ВПҚА02-21, ВЖМША-05-21 топ білі алушылары белсене қатысты. ВПҚА01-21 тобының білім алушысы «Республика күні-25 қазан» атты баяндама жасап, тарихи мағлұматпен таныстырды.

Қазақстан Республикасына деген әрбір азаматтың мақтаныш сезімі оянып, еліне деген сүйіспеншілігі арта түседі. Қазақстан халқы ұлтына, сеніміне, білім деңгейіне қарамастан, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси-қоғамдық өміріне белсене араласып келеді. Өтпелі кезеңнің қиындықтарын жеңіп, экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асырды. Елімізде халықтар достығы жақсы сақталып, ел бірлігін сақтау татулықтың үлкен байлығы екендігін бәрі сезінеді.
Қазіргі таңда Қазақстан көптеген елдермен теңесіп, мәртебелі мемлекет ретінде танылуда. Қазақ халқы талай қиындықты бастан өткеріп, бүгінгі бақытқа қол жеткізу үшін көптеген сынақтардан өтті. Қазақ елін, жерін қорғаған ұлы тұлғаларымыз тарихта аз емес.
Адамзаттың парызы — туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.
Жаны жайсаң, азат елім! Көк туымыз көгімізде желбіреп, әр күніміз шаттыққа толы болсын! 25 қазан Республика күні құтты болсын!

01.11.2024, 11:14
259 қаралым