Республика күні қарсаңындағы марапат

Республика күні – ұлттық мереке қарсаңында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының доцент м.а., тарих ғылымдарының кандидаты Турадилов Мейрбек Унербекович ОҚМА ректоры Ж.С.Сейтжанованың атынан алғыс хатпен марапатталды.
Турадилов Мейрбек Унербекович - Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Кафедрада ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан, болашақ дәрігерлерді дайындауға үлесін қосқан білікті маман, ұлағатты ұстаз.
Сонымен қатар, аталмыш мерекелік іс-шарада кафедраның аға оқытушысы, магистр А.Ж.Ибраимова 25 Қазан - Республика күнінің тарихы туралы баяндама жасады. Республика күнінің тарихын қысқаша шолу етіп, Қазақстанның тәуелсіздік алу жолындағы негізгі кезеңдеріне, мерекенің ұлттық құндылықтарды сақтау мен дамытудағы үлесіне, болашақ ұрпақ үшін Республика күнінің маңыздылығына ерекше тоқталды.
Баршамызды ұлттық мерекені құрметтеп, оған белсенді қатысуға шақырамыз. Бұл еліміздің болашағы үшін маңызды қадам.

24.10.2024, 19:04
172 қаралым