Ресей ғалымының Академияға визитингі
ОҚМА ректоры, профессор М. Рысбековтың И.В. Давыдовский атындағы Ресей Денсаулық сақтау Министрлігі қалалық клиникалық ауруханасының «Жеке медициналық орталығы» МБДСҰ (Мәскеу, Ресей) фармакокинетика зертханасының химик-сарапшысы, хим.ғ.к., масс-спектрометриялық детекторы бар жоғары тиімді сұйықтық хроматография маманы Т.А. Родинамен кездесуі өтті.
Ресейлік маман Т.А. Родинаның сапары 10.10.2022-22.10.2022 аралығында «Шетелдік ғалымдарды шақыру» бағдарламасы аясында ғылыми-зерттеу және оқытушылық қызметке шетелдік мамандарды тарту бойынша жүзеге асырылады.
Кездесу барысында екі ұйым арасындағы ғылыми-зерттеу жұмысы, дәрілік заттардың сапасын, тиімділігін, қауіпсіздігін бағалау, оларды одан әрі тіркеу үшін клиникаға дейінгі және клиникалық деректерді сараптаудың заманауи ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мәселелері талқыланды.