Ректор кубогы - 2022

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен ОҚМА үлкен мәжіліс залында 2022 жылдың 24 ақпан күні «Ректор кубогы - 2022» жайдарман сайысы өтті. Жайдарман ойындарын өткізудегі мақсат - жастардың рухани-адамгершілік дамуын, шығармашылық бастамаларын қолдау, әр түрлі деңгейдегі академиялардың атынан шығуға қабілетті дарынды тұлғалар мен жаңа командаларды анықтау, КВН қозғалысын дамыту. Сайысқа 7 команда қатысты.

Әділ қазылар алқасында 2018 жылы Жоғары лига, 2021 жылғы КТА ойынының чемпионы Н.Досболов, Жайдарманнан Шымкент қаласының абсолютті 7 дүркін чемпионы, Шымкент жастар құрамасы КВН командасының капитаны Т.Нұралиев және Түркістан облысының және Шымкент қалалық жайдарман лигасының бас әкімгері А.Жанбосынов төрелік етті.

Сайысты Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Н.Ахметов ашып беріп, командаларға сәттілік тіледі. Жайдарман әзіл кешін ОҚМА жайдарман ұйымының жетекшісі Тасжанов Берік жүргізді.
Сайыс қорытындысы бойынша «Ректор кубогы - 2022»: Достық тобы - І орын, Жеке қалашық тобы - ІІ орын, Абырой тобы - ІІІ орынды иеленсе, Мега жайдарман тобы «JAKE TAY» ұжымының тегін жолдамасын ұтып алды.

Командалық ойындар қызықты әрі әділ және тартысты өтті. Командалық құрамдар өздерінің мағыналы әзілдерімен, әдемі ойындарымен студенттер үшін қызықты сәттер, ал көрерменге нағыз шынайы көңіл күй сыйлады.

28.02.2022, 14:01
548 қаралым