«ҚР темекіні тұтыну жөнінде ересек тұрғындарға ғаламдық сауалнама жүргізу. Басты нәтижелер мен тұжырымдар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізуге АҢДАТПА

 
545 2
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің
Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы
«ҚР темекіні тұтыну жөнінде ересек тұрғындарға ғаламдық сауалнама жүргізу. Басты нәтижелер мен тұжырымдар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізуге
АҢДАТПА
 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының (бұдан әрі – ДДҰ ЕӨБ) бастамасымен 2015 жылдың 29 мамырында Астана қаласында Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының мәжіліс залында ҚР ДСӘДМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы ұйымдастыратын «ҚР темекіні тұтыну жөнінде ересек тұрғындарға ғаламдық сауалнама жүргізу. Басты нәтижелер мен тұжырымдар» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Қазақстан темекіге қарсы жеткілікті дәрежеде белсенді күрес жүргізуде. Республикада 2006 жылдың 25 қарашасынан бастап ҚР «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес жөніндегі Негіздемелік конвенциясын бекіту туралы» Заңы қолданыста. Республика Негіздемелік конвенцияны бекіткен басқа 179 елмен қатар ел халқының денсаулығы үшін шылымқорлықты бақылау шараларын енгізу бойынша халықаралық міндеттерді жемісті орындауда.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес жөніндегі Негіздемелік конвенциясы (ДДҰ ТҚКНК) мақсаты әлемде темекіні тұтынудан болатын өлім-жітімді төмендету мен темекіні тұтынуды шектеу болып табылатын алғашқы заңды құжат. Бұл барлық адамның денсаулыққа қатысты құқығын және оларды темекінің әсерінен қорғайтын халықаралық шарт.

2014 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі - ДДҰ) және Ауруларды бақылау орталығының (бұдар әрі - "CDC"), Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының (СӨСҚПҰО) әдістемелік жетекшілігімен алғаш рет Қазақстан Республикасында «ҚР темекіні тұтыну жөнінде ересек тұрғындарға ғаламдық сауалнама жүргізу» (Global Adult Tobacco Survey, GATS) зерттеуін жүргізді.

Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасында темекіні тұтынудың таралуын анықтау мен талдау жүргізу ғана емес, GATS жобасына қатысушы басқа мүше мемлекеттермен салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді.

Қазір ҚР алғаш рет Темекіні эпидемиологиялық қадағалаудың ғаламдық жүйесінің толық құқықты мүшесі болды.

Темекіні тұтыну жөнінде ересек тұрғындарға ғаламдық сауалнама әлемнің 19 елінде жүргізіліп, осы зерттеудің нәтижесі ұлттық деңгейде темекіге қарсы күресте үдерісті анықтау үшін негіз және  Темекіге қарсы күрес жөніндегі Негіздемелік конвенция бойынша міндеттерді орындауға ықпал етеді.

Дөңгелек үстел жұмысына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сарапшылары,  Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің, «Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің ақпараттық-есептеу орталығы» РМК, СӨСҚПҰО, СӨСҚ қызметі мен БАҚ, Аурулардың алдын алу мен бақылау орталығы  (CDC, АҚШ), Аурулардың алдын алу мен бақылау орталығы ның Ұлттық қорының өкілдері  қатысады.

Салауатты өмір салтын
 қалыптастыру проблемалары ұлттық
орталығының баспасөз қызметі
тел. (727) 291 13 53
8 778 700 43 24
08.05.2015, 06:32
548 қаралым