ҚР Парламентінің сенаторы ОҚМА студенттерімен кездесуі

2018 жылдың 30 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының үлкен мәжіліс залында «ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі бойынша кездесу өтті. Шараны оқу орнымыздың ректоры, профессор М.Рысбеков ашып берді. Кездесуге ҚР Парламентінің сенаторы Құртаев Әлімжан Сейітжанұлы қатысып, Елбасының бес әлеуметтік бастамасы бойынша баяндама жасады. Алғашқы бізге қатысты үш бастамаға «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру», «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту»,  «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту»  ерекше тоқталып өтті. ФІҰжБ кафедрасының профессоры Н.Жұмабаев сөз алып, Елбасы Үндеуін қолдайтынын білдірді.

1097 1

1097 2

03.04.2018, 23:23
454 қаралым