Рәміздер күні- айырықша күн
2016 жылдың 4 маусым күні ОҚМФА қабырғасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Іс-шараға академияның студенттері мен оқытушылары ғана емес, басшылығы атынан оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, медициналық факультетінің деканы қатысты. Іс-шараны жастар саясаты бөлімі және ОҚМФА белсенділері ұйымдастырды. Кездесу басында мемлекеттік әнұран орындалды. Жиналыс барысында студенттерге мемлекеттік рәміздердің қолдану ережелері және олардың мәні түсіндірілді. Іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.
07.06.2016,
03:42
451 қаралым