Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында азаматтардың үлкен тобы елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, белсенді қоғамдық қызметке қосқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік мәртебемен марапатталды.
Еліміздің өсуі мен өркендеуіне қосқан ерекше үлесін азаматтар қатарында фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының профессоры, фарм.ғ.к Өнербай Бек Ақылбекұлы "Ізгілік" орденімен марапатталғандар қатарында болды. Салтанатты рәсім ҚР Парламенті Сенаты, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары, мәслихат хатшылары мен депутаттары, қоғам қайраткерлері, халық қаһармандары, ғалымдар мен ҚР шетелдік елшілері мен дипломаттар қатысуымен Rixos President Astana резиденциясында (Астана) өтті.

Бек Ақылбекұлын лайықты наградасымен шын жүректен құттықтаймыз және денсаулық, шығармашылық табыс, жоспарлардың жүзеге асырылуын, ізгілік пен амандық тілейміз!

21.12.2022, 16:38
559 қаралым