Құттықтаймыз!

Наурыз айының 30-31 күндері өткізілген М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 80 жылдығына арналған «Жаңа Қазақстанды құру – жастардың қолында» тақырыбындағы жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша XXVI республикалық студенттік ғылыми конференциясына қатысып баяндама жасаған Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы «Стоматология» мамандығының 1 курс СТҚАБ-01-22 тобының білім алушылары Бекайдар Динара, Жарылқасын Ақылжан мазмұнды ғылыми еңбектері үшін І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМҒА ие болды. Сонымен бірге аталған мамандықтағы оқу тобының білім алушылары Есенгелді Жұлдыз және Аққұл Жансая белсене қатысқаны үшін арнайы «Алғыс хатпен» марапатталды. Білім алушылардың ғылыми жетекшісі - «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы А.Ә. Қабыл.

18.04.2023, 09:37
276 қаралым