Құрметті талапкерлер!

Өзге өңірден келген 1-курс студенттерінің барлығы жатақханамен қамтамасыз етіледі. Жатақханаға 28 тамызға дейін берілген өтінімдердің барлығы дерлік қаралып, комиссия отырысында орналасуға рұқсат етілген.
1-курс студенттері үшін жатақханаға өтінім беру 31-тамызға дейін жалғасады. Берілген өтінімдер негізінде жатақханаға орналасу да 31-тамызда аяқталуы тиіс.
1-қыркүйек күні барлық 1-курс студенттері үшін жиналыс өтеді. Осы және сабаққа қатысты барлық мәліметтерді әр деканат өз студенттеріне әлеуметтік желілерде арнайы ашып, тиісті хабарламаларлы жіберетін болады. Сабақ үдерісіне қатысты барлық сауалдарыңызды сол чаттарға жолдай аласыздар.

28.08.2023, 16:13
383 қаралым