Құрметті "Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы" АҚ-ның білім алушылары мен оқытушылары!
«Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық» бөлімі сіздерге «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» мен Румынияның Клуж-Напока қаласындағы "Iullu Hatieganu" Медицина және Фармация университеті арасында ERASMUS+ халықаралық кредиттік мобильді ұтқырлық шеңберінде Меморандум жасалғанын қуана хабарлайды.
Осы меморандум аясында ОҚМА үшін келесі мобильді ұтқырлық қолжетімді:
- 3 айға «Фармация» мамандығының 2 және 3 курс бойынша 2 білім алушының мобильдік ұтқырлығы,
- 5 күнге оқыту үшін 1 оқытушының мобильдік ұтқырлығы
Жаңалықтарды бақылап жүріңіздер және конкурсқа қатысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!
28.12.2021,
13:06
