«Құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» тақырыбында кездесу

2023 жылдың 21 ақпан күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» тақырыбында студенттерге арналған ауқымды кездесу өткізілді.
Аталған шараны модератор, Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Сәлім жүргізіп, іс-шараның мақсатын атап өтті. Шақырылған қонақтарды таныстырып, студент жастарға жастар арасында жиі болып тұратын сыбайлас жемқорлық, тәртіпсіздіктің алдын алу шаралары туралы айтып өтті.

Шымкент қаласының полиция департаменті, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы, жергілікті полиция қызметі басқармасының учаскелік инспекторлары полиция капитаны Асанов Тимур мен полиция аға лейтенанты Әділбаев Бауыржан кездесуге қатысып, маңызды тақырыптармен бөлісті.

21.02.2023, 14:17
356 қаралым