ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығының жеңімпаздарын жариялады
Желтоқсан айының соңында республикалық комиссия «Жаратылыстану ғылымдары», «Инжиниринг және технологиялар», «Медицина және денсаулық сақтау», «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар», «Ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары», «Әскери ғылымдар және ұлттық қауіпсіздік» 7 бағыты бойынша конкурстың қорытындысын шығарды, оған зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарынан 468 ғалым қатысты. Оның 50-і 2000 АЕК көлемінде сыйлық иегері атанды.
«Медицина және денсаулық сақтау» номинациясы бойынша 6 жеңімпаз қатарында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының бірінші проректоры, профессор Марлен Махмудович Есиркепов те бар.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ұжымы М. М. Есиркеповты лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтайды!
Ғалымға ғылыми-зерттеу және білім беру қызметінде сәттілік, жаңа жетістіктер, амандық және бар жақсылықты шын жүректен тілейді!
«Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығы ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдарды, ғылыми қызметкерлерді қолдауға және көтермелеуге бағытталған.