ҚР Ғылым және жоғары білім вице министрімен кездесу
30.12.24ж. күні «ОҚМА» АҚ Ректоры Ж.С.Сейтжанова және академияның профессор-оқытушылар құрамы Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ де ҚР Ғылым және жоғары білім вице министрі Т.Ешенкуловпен кездесуге қатысты. Кездесу барысында, вице-министр заманауи білім беру жүйесінің даму тенденциялары, жоғары білім беру басымдылықтары мен алдағы уақытта іске асатын бастамалар жайында баяндады. Жоғары білімнің қолжетімділігі, озық кадрларды қамтамасыз ету жайында сөз етті. Сонымен қатар, «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесіне де тоқталып өтті. «Келешек» жүйесі мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын, мемлекеттік сыйлықақыны жыл сайын төлеуді, инвестициялық табысты көздейді. Бұл жинақтар «Ұлттық қор — балаларға» жобасы аясында қалыптастырылған қаражатпен бірге балаларға сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Кездесу барысында айтылған ұсыныстар мен пікірлер ғылым және жоғары білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыруда маңызды рөл атқаратыны ерекше атап өтілді.