ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Султангазиев.Т Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында
12.04.2023ж күні ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Султангазиев Тимур Сламжанович Шымкент қаласына іс-сапар барысында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына келді. Оқу орнымыздың ректоры профессор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы мұражайды көрсетіп, академиямыздың тарихымен, жеткен жетістіктерімен және алдағы уақыттағы жоспарларымен таныстырды. Ғылым қызметкерлері күніне сәйкес келген іс-сапарында Вице-министр қоғамдағы дәрігерлердің орнының қаншалықты маңызды екенін түсіндіріп, алдағы уақытта да белсенді жұмыс істеуге шақырды және пандемия уақытынан кейінгі статистиканы айтып өтті. Сөзінің соңында Тимур Сламжанович ОҚМА ұжымына қажырлы еңбек, шығармашылық табыс тіледі
13.04.2023,
10:05
393 қаралым