«Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» атты мерекелік іс шарасы

15.04.25ж. күні «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен 1 курс студенттерінің қатысуымен ғашықтар күніне арналған «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» атты мерекелік іс шарасы өткізілді.
Мақсаты: Жастарға қазақ халқының рухани-мәдени құндылықтарын, соның ішінде халқымыздың махаббат туралы мәңгілік мұраларын таныту, ұлттық әдебиеттің жауһары саналатын «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын насихаттау арқылы студенттердің бойында эстетикалық тәрбие мен адами құндылықтарды қалыптастыру.

«Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» атты мерекелік іс шарасы:
Шынайы махаббат пен адалдықтың үлгісін жастарға жеткізуге;
Ұлттық мұраларға деген құрметті арттыруға;
Қазақ әдебиетіндегі лиро-эпостық жырларға деген қызығушылықты оятуға;
Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға;
Отансүйгіштік пен мәдени сана-сезім қалыптастыруға бағытталған.
Елімізде 2011 жылдан бастап сәуір айының 15-ші жұлдызы Ұлттық ғашықтар күні ретінде аталып өтіледі. Ел арасында бұл күнді – «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» күні деп те атайды. Аталмыш іс шараға 1 курс «Фармация» факультетінің студенттері белсене қатысып, Алғыс хаттармен марапатталды.

15.04.2025, 16:07
52 қаралым